Placeholder
Фото: Алматы әкімдігі
Almatı qalasınıñ äkimi
Қазақстан жаңалықтары30 тамыз 2024, 11:00

Алматының Арбатындағы абаттандыру жұмыстары күзде аяқталады

Алматыда Панфилов көшесі Қабанбай батыр көшесінен Жібек жолына дейін абаттандырылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті. Айтуынша, жоба аясында көпжылдық бұталарды отырғызу есебінен жол бөлігі жаңартылып, жасыл аймақ ұлғайтылады. Сондай-ақ қолданыстағы шағын архитектуралық нысандар жаңартылады. Сонымен қатар, Жібек Жолы көшесінде тағы 1 модульдік полиция пункті орнатылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қала басшысы атап өткендей, жұмыстар қыркүйек айында басталып, осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқталады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Панфилов көшесін Жібек Жолы мен Қабанбай батыр көшелерінен ауқымды қайта құру 2017 жылы басталған болатын. Осы қиылысатын көшелердегі серуендеу аймағының жалпы ұзындығы 1,4 шақырымнан асады.

Мұнда әртүрлі воркаут-аймақтар мен ойын алаңдары, қолөнер дүкендері, орындықтар мен қондырғылар пайда болды, заманауи және дәстүрлі өнер фестивальдері өткізіледі.

Абаттандыру Алматы арбат

Тақырыпқа жаңалықтар