Қазақстан жаңалықтары20 қазан 2023, 14:29

Анасын өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Батыс Қазақстан облысында анасын өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылының тұрғыны 18 қазан күні болған адам өліміне күдікті болып отыр.

"Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", –деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 56 жастағы әйелдің пышақ жарақатынан көз жұмғанын жазған болатынбыз.

БҚО Шыңғырлау Жасөспірім анасын өлтірген

Тақырыпқа жаңалықтар