Қазақстан жаңалықтары23 қазан 2023, 15:42

Антикор Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі М. Бекетаев екенін растаймыз. Оны қамауға алуға сот санкция берді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

21 қазанда антикор бұрынғы Әділет министрінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған. 

 

Марат Бекетаев Әділет министрі Санкция Қамау

Тақырыпқа жаңалықтар