Қазақстан жаңалықтары21 шілде 2024, 23:40

Ақмола облысында АН-2 ұшағы жанып кетті

Ақмола облысында Жарқайың ауданында АН-2 ұшағы өртеніп кетті. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Державинск қаласынан 10 шақырым жерде болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Әуеге көтерілмекші болған АН-2 ұшағынан өрт шықты. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды. ТЖМ құтқарушылары 8 минут ішінде өртті оқшаулады. Қазіргі уақытта өрт толғымен сөндірілді», - деді ведомстводан.

ТДЖ баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ақмола облысы ан-2 Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар