Placeholder
Фото: Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары15 қыркүйек 2024, 23:53

Ақпарат агенттіктерінің Каспий альянсы құрылады

Мәскеуде Каспий аймағы елдерінің ақпарат агенттіктері өкілдерінің кездесуі өтті. Отырысқа ӘЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігінің (Әзірбайжан Республикасы), ИРНА ақпарат агенттігінің (Иран Ислам Республикасы), Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің, ТАСС ақпарат агенттігінің (Ресей Федерациясы) және ТДХ ақпарат агенттігінің (Түрікменстан) өкілдері қатысты. Қатысушылар Каспий маңының жетекші БАҚ-тары арасындағы көпжақты ақпараттық ынтымақтастықты нығайтудың маңызын түсіне отырып, Ақпарат агенттіктерінің Каспий альянсын құрудың орындылығы туралы қорытындыға келді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қатысушылар жұмыс тәртібімен альянс ережесін әзірлеу, келесі отырысты өткізу уақыты мен орнын анықтау, сондай-ақ альянс аясындағы ақпараттық ынтымақтастық форматын әзірлеу бойынша консультациялар өткізуге уағдаласты, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ақпарат агенттіктері Каспий альянсы

Тақырыпқа жаңалықтар