Қазақстан жаңалықтары1 сәуір 2024, 20:06

Ақтауда лаңкестік жасамақ болған тұрғын ұсталды

Ақтауда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура қызметкерлерімен бірге терроризм жасауға дайындалған жергілікті тұрғынды ұстағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Күдікке ілінген азаматтың үйін тексеру барысында қауіп тудыратын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған заттай айғақтар табылған.

"Ұсталған азамат бұрын кісі өлтіргені үшін сотталып, радикалды діни идеологияны ұстанушы ретінде тіркелген. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

Әзірге құзырлы орында лаңкестік оқиғасын жасамақ болған Ақтау тұрғынына қатысты ақпараттарды таратқан жоқ. Бұған қатысты қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны айтылып отыр.

Ақтау лаңкесші ҰҚК ұстау

Тақырыпқа жаңалықтар