Placeholder
Ашық дереккөз
Aşıq derekköz
Қазақстан жаңалықтары30 тамыз 2024, 13:00

Ақтөбеде 10 жастағы қыз көлік ішінде өртеніп кетті

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылында 10 жастағы қыз өртеніп жатқан көлік ішінде қалып кетті. Қайғылы оқиға 27 тамыз күні болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Үйдің ауласында тұрған ВАЗ көлігі өздігінен өртенді. Қайғылы оқиға көрші үйдегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Көліктің салонында 10 жастағы қыз болған, ол қаза тапты. Оқиға кезінде ата-анасы үйде болған», деп хабарлады полиция.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ақтөбе 10 жастағы қыз Көлік Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар