Қазақстан жаңалықтары8 мамыр 2024, 19:07

Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды

Ақтөбелік құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды. Ер адам 9 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

ТЖД құтқарушылары мас азаматпен келіссөздер жүргізді. Сонымен бірге, уақытты жоғалтпай, "Өмір кубын" жайып, адамды құтқару операциясына кірісті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Оқиға орнында жедел-құтқару жасағы мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеді.

Ер адам полицияға тапсырылды.

 

 

Ақтөбе суицид

Тақырыпқа жаңалықтар