Placeholder
Фото: Pexels
Pexels
Қазақстан жаңалықтары30 шілде 2024, 13:43

Ақтөбеде ер адам 19-қабаттан секіріп кеткен

Ақтөбедегі 25 қабатты үйдің 19-шы қабатынан ер адам секіріп кетті. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Оқиға бүгін түнгі сағат 02:00 шамасында болды. Ақтөбе қаласындағы 11 шағын ауданда орналасқан 25 қабатты үйден ер адам секіріп кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

— № 112 «В» үйінің 19 қабатынан 1995 жылы туған ер адам секіріп кеткен. Себептері анықталуда. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Ақтөбе үй суицид еркек

Тақырыпқа жаңалықтар