Қазақстан жаңалықтары3 мамыр 2024, 21:26

Ақтөбеде құрылыс материалдарын сақтайтын қойма өртенді

Ақтөбе қаласы Шығыс базары маңында құрылыс материалы сақталған қойма өртенді. Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында өрт сөндірушілермен қатар Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен қызметкерлері өрт сөндірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Дегенмен Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде өткір иіс бар. Әрі қара түтін аспанды басып қалды.

Әзірге өрт шарпыған аумақтың ауданы белгісіз. 

Сағат 20:40–та әлі де ашық жалын көрінеді.

 

 

 

Ақтөбе құрылыс материалдары қойма Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар