Қазақстан жаңалықтары10 желтоқсан 2023, 1:03

Ақтөбеде жоғалған үш қыз жалдамалы пәтерден табылды

Ақтөбе қаласындағы «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан қашып кеткен үш қыз бір тәуліктен соң жалдамалы пәтерден табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен қыздарды тапты.

- Тексеру барысында олардың жалдамалы пәтерде екендігі анықталды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер Ақтөбе қаласы полиция бөліміне жеткізілді. Үшеуі үш түрлі мектепте оқиды,- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қыздардың үшеуі де орталықтан сырт киімсіз шығып кеткен. Олардың киім алғанын фотодан көруге болады.

Ақтөбе жоғалған қыздар табылды жалдамалы пәтер

Тақырыпқа жаңалықтар