Қазақстан жаңалықтары13 қараша 2023, 13:51

«АрселорМиттал Теміртауға» келуге ниетті инвесторлар әр елден хабарласып жатыр

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Райымбек Баталов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының орнына инвестор болуға ниетті компаниялар әлемнің қай елдерінен хабарласып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Райымбек Баталов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының орнына келуге ниетті инвесторлар «Атамекен» палатасына да ұсыныстар түсіріп жатқанын айтты.

«Ұлттық палатада ұлттық бизнестен де, шетел бизнесінен де „Карметкомбинатқа“ инвестиция салу мәселесі бойынша түскен ұсыныстар бар. Бұлар — Шығыстың, Ресей Федерациясының, Қытайдың, Таяу Шығыстың инвесторлары. Ол ақпаратты Үкімет ескереді деп үміттенемін», — деді палата басшысы.

АрселорМиттал Теміртау Инвестор

Тақырыпқа жаңалықтар