Қазақстан жаңалықтары16 қараша 2023, 9:30

Астана, Атырау, Жезқазғанда экстремистік топ мүшелері ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында радикалды діни топтардың ұяшықтары анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті  жариялады. 

Терроризмді насихаттау, сондай-ақ экстремистік топты құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу бойынша күдікпен оның 12 мүшесі бір мезгілде ұсталды.

Тергеу болжамы бойынша, олар Қазақстандағы зайырлы құрылымды құлатуды көздеген. Ол үшін экстремистік идеологияны таратқан және қатарларына жаңа жақтастарды тартқан. Мекенжайларынан тыйым салынған әдебиеттер мен басқа да дәлелді заттар табылды.  Топтың бірқатар мүшеcі полиция қызметкерін өлтіру, бандитизм, қарақшылық, тонау және зорлау секілді ауыр қылмыстар жасағандары үшін бұрын сотты болғандар. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Астана Атырау Жезқазған экстремистік топ

Тақырыпқа жаңалықтар