Қазақстан жаңалықтары9 сәуір 2024, 0:07

Астанада қойма өртеніп жатыр

Астанада қоймадағы резеңке бұйымдар өртеніп жатыр. Өрт аумағы шамамен 1000 шаршы метрге жайылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Сарыарқа ауданында қоймадағы резеңке бұйымдар өртенді. Өрт аумағы шамамен 1000 шаршы метр. Өртті сөндіру резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы қиындатып жатыр. Қазіргі уақытта Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 адамы және 15-ке жуық техникасы жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана қойма Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар