Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары15 қыркүйек 2024, 7:01

Бір жылда кафе-мейрамханадағы баға 9,4% қымбаттаған

2024 жылдың тамызында қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасы айтарлықтай өскені байқалды. Жылдық мәнде баға 9,4% өсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл мекемелердің түрлі форматтарын қамтиды: мейрамханадағы түскі ас 10,3% қымбаттады, асханада түстену 9,6% қымбаттады, фаст-фуд орындарында тамақтану орта есеппен 12,4% өскен, деп таратты ұлттық статбюро, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 5 383 асхана, 4479 кафе және 2303 мейрамхана тіркелген.

кафе-мейрамхана 9,4% қымбаттаған Баға ұлттық статбюро

Тақырыпқа жаңалықтар