Қазақстан жаңалықтары24 маусым 2024, 8:30

Дағыстандағы лаңкестік: Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді», — деп жазды Ақорданың ресми сайты

Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.

Дағыстан Лаңкестік Қасым-Жомарт Тоқаев Көңіл айту

Тақырыпқа жаңалықтар