Placeholder
Фото: Видеодан алынған кадр
Instagram
Қазақстан жаңалықтары11 тамыз 2024, 18:51

Депутат Әбиба Әбужақыноваға көлік сыйлады

Париж Олимпиадасында дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақыноваға депутат Айдарбек Ходжаназаров көлік сыйлады. Бұл туралы Әбиба өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Спортшыға темір тұлпар табысталған сәтті Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров та әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Көп сөздің қажеті жоқ деп ойлаймын», — деп жазды Әбиба Әбужақынова әлеуметтік желіге.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айдарбек Ходжаназаров Олимпиадада жеңіліп қалған Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтқан болатын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айдарбек Ходжаназаров (@a1darbek)

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп — Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл — тектіліктің белгісі. Бұл — үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек», — деп жазған еді Ходжаназаров.

 

Әбиба Әбужақынова Көлік сый депутат

Тақырыпқа жаңалықтар