Қазақстан жаңалықтары7 желтоқсан 2023, 17:25

Димаш Қытай фильмін қазақша сөйлетті

Әнші Димаш Құдайберген Қытай мифологиясындағы ұлы тұлға «Шын-нуң» туралы деректі фильмді дубляждады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қытайлық БАҚ өкілдері деректі фильмді дубляждау жұмысына Димаш Құдайбергеннің арнайы шақыртылғанын жазды, деп жариялады Kazinform.

Қытайдың China Media Group Орталық радиосы мен телеарнасы  әлемгі әйгілі әнші Димаш Құдайберген дубляждаған мифологиялық көркем фильмді халық назарына ұсынды.

«Ғажайып Шын-нуң» деп аталатын деректі фильмде Қытай мифологиясындағы «Шын-нуң» деген кейіпкердің ұлы тұлға болып қалыптасу тарихы баяндалады. 

Қытай аңыздарына қарағанда, «Шын-нуң» алғаш рет адамдарға, күріш, бидай өсірудің өнімді жолдарын, киім тігуді, шөптен дәрі жасауды үйретті. «Шын-нуң» аспан асты халқының түсінігінде адамзат баласы өркениетінің дамуына бағыт-бағдар берген ғажайып тұлға. 

Димаш Құдайберген 4 минуттан асатын деректі фильмді толық өзі қазақша дыбыстап шыққан.

Димаш Құдайберген Қытай фильм дубляж

Тақырыпқа жаңалықтар