Placeholder
Фото: Видеодан алынған кадр
beyne ékran
Қазақстан жаңалықтары13 қыркүйек 2024, 10:49

Діни алауыздық тудырған күдікті Ресейден елге қайтарылды

Қазақстан мен Ресей құқық қорғау органдары өткізген бірлескен іс-шара нәтижесінде діни алауыздықты қоздырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейден қайтарылды. Күдікті 2016-2017 жылдары Алматы қаласында бірнеше рет діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың діни сезімін қорлауға, азаматтардың дінге деген көзқарасы негізінде олардың эксклюзивтілігін, артықшылығын және кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер жасаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл қылмыстың өзге де қатысушылары әртүрлі жауаптылыққа тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Осыдан кейін 2017 жылы күдікті Мәскеуде қарақшылық жасап, сотталған.

Ресейде жазасын өтегеннен кейін аталған адам қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға қайтарылды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.

Аталған қылмысты жасағаны үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазақстан мен Ресей қашқын экстрадиция діни алауыздық

Тақырыпқа жаңалықтар