Қазақстан жаңалықтары11 наурыз 2024, 13:00

Елімізде әрбір алпысыншы тұрғынының банк алдында қарызы бар

Елімізде әрбір алпысыншы тұрғынының банк алдында қарызы бар. Тұрғындар жыл сайын қарызға белшесінен батып барады. Қазіргі уақытта Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелендіру көлемі 18 триллион теңгеге жетсе, 2021 жылдың басында бес триллион теңгені құраған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл үш жыл ішінде несие көлемі 3,5 есеге өскенін білдіреді. Бұл туралы «Aq jol time with Meruert Kazbekova» YouTube подкастына берген сұхбатында ҚР Парламентінің вице-спикері Дания Еспаева айтты.

Сондай-ақ ол әрбір алпыс тұрғынның бірінің қарызы 90 күннен астам мерзімі өтіп кеткенін, соңғы екі жылда кепілсіз тұтынушылық несиелер көлемі үш есе өскенін айтты.

Депутат халық ескі қарызын өтеу үшін жаңа несие алуға мәжбүр екенін қосты. Ал бұған банктер де кінәлі.Тұтыну несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 56 пайызды, ал микроқаржы несиелері бойынша 1000 пайыздан жоғары.

Депутаттар, оның ішінде Дания Еспаева несие алушылардың құқығын қорғауға бағытталған жаңа заң жобасын әзірлеуде, онда пайыздық мөлшерлемелерді төмендету шаралары қарастырылған.

халық банк берешек қарыздар

Тақырыпқа жаңалықтар