Қазақстан жаңалықтары24 сәуір 2024, 12:49

Еліміздің 2 өңірінде жоғары өрт қаупі бар

Еліміздің 2 өңірінде жоғары өрт қаупі бар. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста бұршақ түседі. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қызылорда облысының орталығында, шығысында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Қазгидромет өрт қаупі өңірлер

Тақырыпқа жаңалықтар