Placeholder
Фото: Астана әкімдігі
Astana äkimdigi
Қазақстан жаңалықтары5 қыркүйек 2024, 0:52

«Елорда жастары» баспана бағдарламасына өтінім қабылдана бастады

Астана қаласының тұрғын үй қоры «Елорда жастары» жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы аясында өтінім қабылдауды бастады.  Құжат қабылдау 4 қыркүйек таңғы 9:00-де басталып, 10 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін созылады. Бұл бағдарлама «Отбасы банк» АҚ арқылы елордада бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өтінімді birge.astana.kz порталы арқылы электронды форматта беруге болады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бағдарлама бойынша банк беретін ипотека саны — 75.

Фото: Астана тұрғын үй қоры

Осы мәселе бойынша мына желілерге жүгіне аласыз:

 

  • Астана қаласының тұрғын үй орталығы: Республика даңғылы, 32.
  • 109 (ұялы телефон үшін) — iKomek
  • 300 (ұялы телефон үшін) — «Отбасы банк» АҚ

Бағдарлама талаптары жайлы мына сілтемеден біле аласыз.

 

Елорда жастары Баспана бағдарлама өтініш

Тақырыпқа жаңалықтар