Қазақстан жаңалықтары26 қазан 2023, 19:00

Елордада қоқыстан жасалған Жұмбақтас пайда болды

Астанада Бурабайдың басты символдарының бірі саналатын Жұмбақтастың көшірмесі пайда болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жаңа адамдар» жастар қозғалысы біздің киелі жерлерімізге келетін туристтер қаншама қалдықтарды қалдыратынын көрсету үшін осы арт-жобаны дайындаған. Белсенділер Бурабайда қоқыстарды жинап, содан Жұмбақтас тасының мүсінін жасады. Осы арт-нысан Қазақстанның мәдени мұрасының сақталуы мен тазалық үшін күрестің символына айналды.

Жыл сайын Бурабайдың табиғат тамашалауға келетін туристтердің саны жылдам көбейіп келеді. Көрікті жердің танымалдығымен қатар, қоқысының да көлемі артпаса азаймаған. «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының мүшесі Бауыржан Аманов талай тарихи оқиғаларға куә болған Жұмбақтасқа жазу жазып, маңайына қалдық тастап кететіндерге шара қолдану керек екенін айтады. 

 

Астана қоқыс жұмбақтас

Тақырыпқа жаңалықтар