Қазақстан жаңалықтары23 сәуір 2024, 10:23

Ер адамдар әйелін жеке меншігі санайды – учаскелік инспектор

Ақтөбеде облысы бойынша әйелді ұрып-соғу, отбасындағы жанжал дерегі екі есе өскен. Қылмыстық іс саны азайғанымен, ішімдік ішіп, отбасының шырқын бұзатындар сенбі-жексенбі және мереке күндері жиі тіркеледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бабы бойынша былтыр үш айда 500-ден астам іс тіркелді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ал биылғы үш айда іс саны 1100-ден асып кеткен.

«Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша былтыр 76 дерек тіркелсе, биыл бір іске кем.

Сонымен бірге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Ұрып-соғу» бабы бойынша былтыр үш айда 205 іс тіркелсе, биыл дәл осы уақыт аралығында 600-ден астам дерек анықталды.

Талап бойынша отбасындағы жанжалдан соң ер адам бір ай бойы полиция қызметкерлерінің бақылауында болады. Былтыр Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Қорғау нұсқамасын бұзу» бабы бойынша 81 дерек анықталса, биыл 160-тан асқан.

Бұл есепке алынған адамдардың белгілі бір уақытта бөлімшеге келіп, тіркелмегенін білдіреді.

«Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» бабы бойынша ерекше талаптарды бұзу дерегі де артып отыр. Былтыр үш айда 85 дерек тіркелсе, биыл 200-ден асты.

Ал қылмыстық іс бойынша былтыр үш айда 8 дерек тіркелсе, биыл 5 дерек анықталды.

еркектер Әйелдер жеке меншік түсінік

Тақырыпқа жаңалықтар