Қазақстан жаңалықтары30 сәуір 2024, 12:12

Forbes-тан 2 кәсіпкер су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат аударды

«Қазақстан халқына» қорының су тасқынынан зардап шеккендерге қомақты қаражат аударғандар тізімі тағы екі бизнесменмен толықты. Олар: Қайрат Итемгенов пен Алмас Мыңбаев. Қор мәліметіне қарағанда, Қайрат Итемгенов 1,3 млрд, ал Алмас Мыңбаев 450 млн теңге аударған, - деп хабарлайды Arbat.media.

2024 жылдың 1 сәуірінен су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 4,7 млрд теңге жиналды. Оның жарты млрд теңгеге жуығын жеке тұлғалар берген, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қайрат Итемгенов Aqniet Group ЖШС-нің мажоритарлық акционері саналады. Компания Europharma жәнн ArzanPharm дәріхана желілерін басқарады. Ол өткен жылы елімізде шығатын Forbes журналының «Қазақстандағы 50 ең ықпалды бизнесмен» және «Қазақстанның 50 ең дәулетті бизнесмені» рейтингтеріне енген еді.

Алмас Мыңбаев - Nomad Life және «Номад Иншуранс» сақтандыру компаниялары директорлар кеңесінің төрағасы. Ол да өткен жылы «Қазақстанның 50 ең дәулетті бизнесмені» қатарына қосылды.

Қайрат Итемгенов Алмас Мыңбаев Тасқын қаражат

Тақырыпқа жаңалықтар