Қазақстан жаңалықтары30 қазан 2023, 21:29

«Ирина Кайратовна» мобилографының өліміне қатысты іс қозғалды

«Ирина Кайратовна» тобының мобилографы Шахназ Жылқайдаровтың өлімі бойынша іс қозғалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі:

Мобилографтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.Бүгінде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сараптамалар әлі дайын емес. Аталған факті бойынша «адамның өлімі» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Астана полициясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты және өзге де деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтындығын ескертті.

14 қазан күні Астанада «Ирина Кайратовна» тобының концерті барысында мобилограф Шахназ Жылқайдаров сахнада құлап, қайтыс болды.

Кейін мобилографтың қазасына себеп болған алдын ала диагноз айтылды. 

ирина кайратовна Мобилограф

Тақырыпқа жаңалықтар