Placeholder
Фото: Shotshop/Hajo Obuchoff/picture alliance
picture alliance
Әлем21 қыркүйек 2024, 6:20

Украинада 327 елді мекеннің атауы өзгертіледі

Украинада 327 елді мекеннің атауы өзгертіледі. Жоғарғы Рада атауларында «орыс және кеңестер заманының сөздері» бар немесе «орысша атауы» бар қалалар мен елді мекендерге жаңа немесе ескі тарихи атау беру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл, мысалы, кеңестік мерекелер немесе рәміздермен аталған елді мекендерге әсер етеді:  Первое Мая, Першотравенка, Первомайск, Первомайское, Першотравневое, Першотравенск, Маевка. 

Сонымен қатар, Рада депутаты Роман Лозинский Facebook-те хабарлағандай, жаңашылдық Ресеймен шектесетін аймақтардағы Ватутино, Новомосковск, Первомайский, Красноград, Дружба пункттеріне әсер етеді.

Осылайша Новомосковск Самар, Першотравенск - Шахтерское деп аталмақ. Молодогвардейскіге Атамановка, Первомайскийге - Златополь, Червоноградқа - Шептицкий атауы беріледі.

Лозинский айтқандай, «деколонизация туралы» заңға сәйкес атауларды өзгертудің бұл пакеті «бірінші, бірақ соңғы емес».

«Алда 200-ге жуық елді мекен бар, олардың атауы мемлекеттік тіл стандартына сәйкестендірілуі тиіс», - делінген депутаттың хабарламасында.

Украина 327 елді мекен атауын өзгерту

Тақырыпқа жаңалықтар