Қазақстан жаңалықтары9 қазан 2023, 13:29

Израильде есепте жоқ 400-ден астам қазақстандық болуы мүмкін

Израильде консулдық есепте жоқ 400-ден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігінің болжамынша, Израильде консульдық есепке тұрмаған төрт жүзден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Шетелдегі отандастарымыздың назарына Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық мекемелерінде консульдық есепке тұру қажеттілігін тағы еске саламыз. Бұл процедура ерікті түрде және тегін жасалады. Сонымен қатар қашықтан да жасауға болады. Есепке тұру үшін консулға тиісті ақпаратты, яғни төлқұжат көшірмесін және тұрғылықты мекенжайын жіберу қажет.

ҚР СІМ Израиль Қазақстандықтар

Тақырыпқа жаңалықтар