Placeholder
Фото: ҚР ІІМ
QR IIM

ІІМ: Жасөспірімдердің телефонынан суицидке итермелейтін ойын табылған жоқ

Алматыда өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің телефондарынан суицидке итермелейтін ойындар табылған жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінен мәлім етті. Алматыда суицид жасаған екі жасөспірімге қатысты олардың телефондарына тексеру жүргізілгенін хабарлаймыз. Суицидке итермелейтін ойындарға қатысу фактісі анықталған жоқ. Қазіргі уақытта өшірілген жазбалар мен қосымшаларды қалпына келтіру үшін телефондарға қосымша зерттеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен қатар министрлік ел азаматтарының суицидке бағытталған интернет ойындарға қатысуы да анықталмағандығын алға тартады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Еске салсақ, Алматыда екі жасөспірім қыз көпқабатты үйден құлап, оқиға орнында қайтыс болған.

ІІМ жасөспірімдер суицид телефон

Тақырыпқа жаңалықтар