Қазақстан жаңалықтары9 қазан 2023, 13:34

Израильде консулдық есепте Қазақстанның 112 азаматы бар

Израильде консулдық есепте Қазақстанның 112 азаматы бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінде консулдық есепке елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда 77 азамат тіркелген. Израильдің жоғары оқу орындарында Қазақстанның бес студенті оқиды. Отызға жуық қазақстандық жергілікті түрлі медициналық мекемелерде тағлымдамадан өтіп жатыр. Барлығы — 112 адам. Тель-Авивтегі дипломаттарымыз Израильдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста және олармен жедел іс-қимыл жасау мақсатында арнайы мессенджерде чат ашты.

Аталған чатқа Израильде уақытша және тұрақты тұратын екі жүзге жуық Қазақстан азаматы қосылған. 

ҚР СІМ Қазақстан азаматтары Израиль

Тақырыпқа жаңалықтар