Қазақстан жаңалықтары9 қазан 2023, 13:00

Марқұм зейнеткердің атына 7 жыл ақша аударған

Көлік прокурорлары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақы мен төлемді заңсыз есептеу фактілері анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақша аударып отырған, дейді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған.

Енді заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шара қабылданып, аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

көлік прокуратурасы Заңсыздық Зейнеткер Қаржы

Тақырыпқа жаңалықтар