Қазақстан жаңалықтары6 қазан 2023, 14:50

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің прокаты туралы

Әлеуметтік желілерде «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмін прокаттан алып тастады деген әңгіме тарап, фильмнің режиссері Мұрат Есжан дүрбелеңге өзі жауап берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі кестеде неге жоқ, деген сұрақтар таң атқалы келіп жатыр. Шығармашылық топ, яғни, біз прокатпен айналысқан жоқпыз, десе де, мына нәрсені айтқым келеді. Фильм 21 қыркүйектен бастап тура екі апта бойы кинотеатрларда көрсетілді. Негізі прокат мерзімі өткен жексенбі аяқталған болатын, алайда көпшіліктің сұранысына байланысты 4 қазанға дейін ұзартылды», — деп жазды Мұрат Есжан Facebook парақшасында.

6 сериялы телехикаядан көркем фильм жасау, оны үлкен экран арқылы көпшілікке ұсыну «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тікелей идеясы мен ұсынысы болған.

Ол үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Сондықтан прокат мерізімінің аяқталуынан қандай да бір астар іздеп, тараптарды кінәлаудың орны жоқ деп санаймын. Уақыты мен қаржысын қиып, келген, көрген, таратқан барша көрерменге алғысымыз шексіз. Көріп үлгермеген ағайын үшін фильм жақын арада Qazaqstan арнасының эфиріне және онлайн-платформаларға шықпақ.

Бірақ уақыттан соң қуанышты жаңалығын жазды. 

«Қалың көрерменнің қалауы болып, „Міржақып. Оян, қазақтың“ кинотеатрлардағы көрсетілімі тағы бір аптаға ұзартылды. Енді талабымызға қадамымыз сай боп, келесі аптаны да аншлаг жасайық. Кинотеатрлар да сұранысты көрді ғой, мүмкін сеанстар санын бұдан да ұлғайтар. Мемлекеттің жұмсаған қаржысы ақталған (фильм 100 пайыз мемлекеттік бюджетке түсірілген) алғашқы тарихи жоба болса деген тілек бар», — деді М. Есжан Facebook парақшасында.

оян қазақ фильм прокат Мұрат Есжан

Тақырыпқа жаңалықтар