Қазақстан жаңалықтары2 сәуір 2024, 11:20

Назарбаевтың балауыз мүсінін мұражайдан алып тастады

Астанадағы Қазақстан қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи музейінің экспозициясынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алты жыл бұрын орнатылған балауыз мүсінін алып тастаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Бұған дейін тұңғыш президенттің балауыз мүсіні мұражай залдарының бірінде тұрған. Енді оның орнына Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Армия генералы, Кеңес одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың мүсіні қойылды.

Сондай-ақ Назарбаевтың Алматы метросындағы портреті де шешілді.

 

Назарбаев мүсіні Назарбаев портреті музейінің Астана

Тақырыпқа жаңалықтар