Placeholder
ФОТО: Астана қаласы әкімдігі
Astana äkimdigi

Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне Астана төрінен үй берілді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Ақмарал Науатбек және күміс жүлде иегері Ерғали Шәмеймен кездесті. Қала әкімі пара дзюдодан Паралимпиада алтынын жеңіп алған Ақмарал Науатбектің жеңісі алғашқы қазақ спортшысы ретінде ел тарихына енгенін атап өтті. Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтердің сертификаты және 30 млн теңге ақшалай сыйақы, ал оның жаттықтырушысы Айдын Анапинге 10 млн теңге табыс етілген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ерғали Шәмейге 2 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 25 млн теңге ақшалай сыйақы, ал оның жаттықтырушысы Дәурен Оразовқа 7 млн теңге тарту етілген. Ақшалай сыйақы демеушілер тарапынан берілген.

«Біз өз тарапымыздан спортшыларымызға қолдау көрсетуді ары қарай да жалғастырамыз, сол сияқты қаланың спорттық инфрақұрылымын жақсартып, бұқаралық спортпен шұғылдану үшін, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептеріне тиісті жағдай жасаймыз», деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

Паралимпиада жүлдегерлер Астана Пәтер

Тақырыпқа жаңалықтар