Қазақстан жаңалықтары6 маусым 2024, 9:12

Орал 13 жасар қызды зорлағандар сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Р-ға, сондай-ақ кәмелетке толмаған М., А., Н. және Қ-ға қатысты үкім шықты. Соттан түскен мәліметке қарағанда, сотталушылардың бәріне ҚР ҚК 293-бабы 4-бөлігіне (зорлау, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты жыныстық қатынас жасау) сәйкес айып тағылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оған қоса А. мен Н. ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бұзақылық жасау), Қ. ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі (автомобильді ұрлау мақсатынсыз айдап кету), сондай-ақ 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (көлік құралына заңсыз кiрумен бөтеннің мүлкін жасалған ұрлық), А. және М. ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (көлік құралына заңсыз кiрумен адамдар тобының алдын ала сөз байласулары арқылы жасалған ұрлық) бойынша айыпталды, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Сонымен қатар А. жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас қызға қатысты сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді (ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі) жасаған.

Сотта анықталғанындай, өткен жылы 11 мамырда сауда үйінде темекі тартып келе жатқан Н. өзіне ескерту жасағаны үшін В-ға А. екеуі дене жарақаттарын салған.

23 мамырда Қ. «Лада» автокөлігін ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленіп, көлік иесіне 725 мың теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген. Алты күннен кейін ол «Hyundai” маркалы автокөлігіне заңсыз кiріп, 1 млн астам теңгені жымқырған.

10 маусым күні А. мен М. «Фольксваген»» автокөлігіне заңсыз кіріп, 130 мың теңге тұратын ұялы телефонды ұрлаған.

11 маусым күні сотталушылар жалдамалы пәтерде жас қызды зорлаған.

Сот үкім шығарған кезде сотталушылардың жасаған қылмыстарының сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, ауырлататын мән-жәйлардың жоғын, М., А., Н. және Қ.-ның қылмыстарды жасаған кезде олардың кәмелетке толмағанын ескерді.

Сот үкімімен Р. 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Кәмелетке толмаған М. мен Н.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті 7 жыл 6 айға, А. және Қ.-ға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

орал сот педофил

Тақырыпқа жаңалықтар