Қазақстан жаңалықтары21 сәуір 2024, 9:16

Орал қаласында қосымша эвакуация пунктерінің тізімі жарияланды

Орал қаласында қосымша эвакуациялық пунктердің тізімі жарияланды. БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің мәлім еткеніндей, Жайық өзенінің Орал қаласы тұсындағы қауіпті шегі 850 см болса, 20 сәуір күні таңмен 824 сантиметрге жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Осыған байланысты қала тұрғындарының қайда орналаса алатыны жөнінде мәлімет берілді.

Мысалы, Курени ауданында тұратындар қала орталығындағы №17, 19, 7 және 21-мектептердегі эвакопункттерге бара алады.

«Қала Жайық және Шаған өзені бойында барлығы 24 учаскеге бөлінген. Жайық өзені жайылмаларында 100-ден астам бау-бақша серіктестігі орналасқан. Бұған дейін саяжайлардан көшірілген 2 мыңнан астам адам эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр. Төтенше жағдай кезінде тұрғындар ақпараттарды облыс және қала әкімдігінің ресми сайттарынан, сондай-ақ әлеуметтік желіде batys_today каналынан таба алады» деді Б.Нарымбетов.

Эвакуациялық пунктер тізімі:

(Жайық өзені жағалауына жақын аудандар бойынша)

 

  • Желаев кенті «Рахмет» супермаркетінен теміржолға дейін - №44, №28 орта мектеп.
  • Желаев кенті теміржолдан Вербовая көшесі 4 және 2-үйге дейін тұратындар - №24 орта мектеп.
  • Желаев кенті Вербовая көшесі 4 және 2-үйден Чкалов көшесімен «PITSTOP» жанар-жағар май стансасының арты - №16 орта мектеп.
  • Ет комбинаты ауданы «PITSTOP» жанар-жағар май стансасының арты – Шыңғырлау көшесіне дейін - №34 орта мектеп.
  • Ет комбинаты ауданы Шыңғырлау көшесінен Шүкіров көшесіне дейін - №5 және №23 орта мектеп.
  • Ет комбинаты ауданы Шүкіров көшесі Бұхар көшесіне дейін - №42 орта мектеп.
  • Әмбебап дүкені ауданы «ЗапКазРЭК»-тен (ОралПЕТГАЗ) А.Құсайынов көшесіне дейін - №16 және №39 мектеп.
  • А.Құсайынов көшесінен Орал-1-ге дейін - №26 және №4 орта мектеп.
  • Орал 1-ден Т.Жароков көшесіне дейін - №35 орта мектеп.
  • Т.Жароков көшесінен Стеллаға дейін - №35 орта мектеп.Курени ауданы Стелладан Н.Назарбаев даңғылына дейін - №7 орта мектеп.
  • Курени ауданы Н.Назарбаев даңғылынан М.Горький көшесіне дейін - №19 және №21 орта мектеп.
  • Жәңгір хан көшесінен Коминтерн ауылына дейін, ветстанса ғимараты - №30 орта мектеп.
  • Коминтерн ветстансадан Свободная көшесі ¼-үйге дейін - №10 орта мектеп.
  • Коминтерн Онискин көлінен («Nur ER») «Стеновик» стадионына дейін - №47 орта мектеп.Шаған өзені жағалауына жақын аудандар бойынша
  • Пугачев ауылынан Исатай-Махамбет көшесіне дейін - №45 орта мектеп.
  • Исатай-Махамбет көшесінен С.Даумов көшесі 79-үйге дейін - №50 орта мектеп.
  • С.Даумов көшесі 79-үйден Н.Сыдықов көшесіне дейін – БКМ.
  • Резервтік эвакопунктер - №38, №37 орта мектептер және эстетикалық бағыттағы гимназия.

 

орал эвакуация пунктері Тізім

Тақырыпқа жаңалықтар