Қазақстан жаңалықтары7 шілде 2024, 18:01

Оралда Домбыра музейі ашылды

Оралда қазақтың тарихын, дәстүрлері мен мызғымас құндылықтарды насихаттап, өткен тарихпен бүгінгі күнді байланыстыратын құнды ғылыми орта қалыптастыру мақсатында БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі "Домбыра - ұлттық рух" музейі ашылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бабалардан қалған мұра көздері мен тарихи жәдігерлері жинақталып, төрт экспозициялық залдан тұратын орталық (Домбыра тарихы залы, Құрманғазы Сағырбайұлы залы, Құрманғазы оркестрі залы, Батыс өңірінің домбырашылары залы) музейге келушілерге тың серпін бермек, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Музейді салтанатты түрде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және өңірімізге танымал тарихшы, өлкетанушы, мәдениет саласының ардагері Жайсаң Ақбаев ашты. 

Музей қорына қобызшы Ықылас Дүкенұлының қобызының көшірмесін ресми түрде Д. Нұрпейісова атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің солист-қобызшысы, Өнертану кандидаты, Казахстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі», Ықылас атамыздың ұрпағы Ақнар Тәттібайқызы табыстады. 

 

 

 

Домбыра музейі орал

Тақырыпқа жаңалықтар