Қазақстан жаңалықтары7 наурыз 2024, 9:00

Оралдықтарды 7,5 млн теңгеге алдаған алаяқ сотталды

Орал қаласының азаматы тұрғындарға мемлекеттік бағдарлама арқылы тұрғын үй алып беремін деген уәдемен 7,5 млн теңге иемденген. Істің мән-жайы туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтып берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«2024 жылғы 1 наурызда Орал қалалық сотының үкімімен азамат Ни алаяқтық әрекеті және пара бергені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылып, сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Ол азаматтардан Орал қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына ақша беріп, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беремін деген сылтаумен жалпы сомасы 7,5 млн теңге иемденген», - деді Арман Тілеукенов ведомствода өткен брифингіде.

Агенттіктің мәліметінше, өткен жылы алаяқтық фактілері бойынша 159 қылмыстық іс қозғалған. Оның 40-қа жуығы пара беруге итермелеу әрекеті. Былтыр алаяқтық жасағаны үшін 133 азамат сотталған және оларға берілген сома 14,6 млрд теңгеден асады.

Осы орайда агенттіктің ресми өкілі алаяқтық фактісі бойынша 1424 нөмірлі Call-орталығына хабарласуды сұрады.

орал алаяқ сот

Тақырыпқа жаңалықтар