Placeholder
Фото: Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары26 тамыз 2024, 11:34

Павлодарда екі бірдей сәби анасының абайсыздығынан тұншығып көз жұмды

Павлодарда бір аптаның ішінде екі бірдей сәби шетінеп кетті. Екі жағдайда да олар анасының омырауына тұншығып өлген. Бұл туралы Павлодар облыстық балалар ауруханасынан хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«20 тамыз күні туғанына небәрі 28 күн толған сәби қайтыс болды. Анасы түнде емізіп болған соң ұйықтап кеткен, ал сәбиі омырауына тұншығып қалған. Екінші жазатайым оқиға одан алты күн бұрын болған. Ол сәбиге 2 ай 7 күн толғаны анықталды. Анасы емізіп жатып, ұйықтап қалған. Түнгі үштер шамасында оянғанда баласының тұншығып өлгенін көрген», дейді облыстық аурухана дәрігері Жұлдыз Шахитдинова, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Өткен жылы Павлодар облысында 13 сәби ауа жетпей, тұншығып қайтыс болған. Ал биыл жыл басынан 4 жағдай тіркелген.

павлодар өлім тұншығу

Тақырыпқа жаңалықтар