Қазақстан жаңалықтары29 қазан 2023, 21:23

Президент телерадиокешені «Өлім ошағы» деректі фильмін түсірді

Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені «Өлім ошағы» деректі фильмін түсірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Фильмде 28 қазанда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында болған қайғылы оқиға баяндалады. 

Апаттың мән-жайын анықтау және шара қолдану үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды ​​облысына барған болатын. Президент бақилық болған кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға жан-жақты көмек көрсетілетін болады. Сондай-ақ Президент үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 

Бүгін, 29 қазанда отандық телеарналарда «Өлім ошағы» деректі фильмі көрсетіліп жатыр: 

▪️«Түркістан» - 17:40

▪️«Хабар 24» - 18:15

▪️ «ОРТ Еуразия» - 18:15

▪️«Жетісу» – 18:45

▪️«Almaty TV» – 18:55

▪️«31» арнасы – 19:00

▪️«Жібек жолы» - 19:30

▪️«КТК» - 20:30

▪️ «Astana TV» - 20:42

▪️«Ел арна» – 20:45

▪️«МИР» - 21:00

▪️«Жетінші арна» - 21:50

Өлім ошағы Президент телерадиокешені деректі фильм

Тақырыпқа жаңалықтар