Қазақстан жаңалықтары28 қараша 2023, 13:57

Президент Того Республикасының басшысын қарсы алды

Ақорда резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

 

Того Республикасы Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев Фор Эссозимна Гнассингбе

Тақырыпқа жаңалықтар