Қазақстан жаңалықтары3 қазан 2023, 17:05

Қазақстан халқының саны 20 миллионға таяды

1 қыркүйекте ел халқының саны 19 млн 944 мың 726 адамға жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтар-тамыз айларында елімізде 258 011 бала дүниеге келген. 

Ал 85 989 адам дүние салған. 

Биыл жалпы өсім 172 022 адам.

Жыл басынан бері елге 17 200 адам келді, 11 303 адам кеткен. 

Қалада 12 368 662 адам тұрса, ауыл халқы – 7 576 064 адам.

Әйелдер – 10 205 957 адам, ерлер – 9 738 769 адам.

Былтыр қазанда халық саны 19 млн 700 мыңға жуық болатын. 

 

Қазақстан халқы Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар