Placeholder
arbat.media
Айдос Садықов
Қазақстан жаңалықтары2 шілде 2024, 9:34

Қастандық: Айдос Садықов қайтыс болды

Қазақстандық оппозиционер Айдос Садықов Киевтегі қастандықтан кейін қайтыс болды. 2 шілдеге қараған түні қазақстандық журналист Айдос Садықов Киевтегі ауруханада жатып көз жұмды. Бұл туралы оның жұбайы Наталья Садықова Facebook желісінде хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Менің сүйікті жарым, үш баламыздың әкесі, қазақтың біртуар перзенті. Айдос Қазақстан үшін жанын беріп, өлтірушілердің қолынан шейіт болды», - деп жазды Наталья.

Ол 13 күн жансақтау бөлімінде жатты, бірақ алған жарақатының ауырлығынан оны аман алып қалу мүмкін болмады.

18 маусымда Киевте қазақстандық оппозиционерді өлтірмек болған: белгісіз біреу көлікте отырған кезде оған оқ жаудырған.

19 маусымда Киевте жараланған қазақстандық оппозиционер Айдос Садықовтың жағдайы ауыр деп бағаланып, оған операция жасалып, жансақтау бөлімінде жатыр.

21 маусымда Украина полициясы Айдос Садықовқа қастандық жасағандарды тапты.

22 маусымда журналистің өміріне қастандық жасады деген күдіктілердің бірі ұсталды.

 

Айдос Садықов киев қайтыс болды Наталья Садықова

Тақырыпқа жаңалықтар