Қазақстан жаңалықтары7 наурыз 2024, 8:12

«ҚазАвтоЖол» АҚ Ақтөбедегі жантүршігерлік көлік апаты кезіндегі жол жағдайын айтты

Жол-көлік апаты кезінде Ақтөбе-Астрахань тасжолы ашық болған. Ал Lada Largus көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзып, қарсы бағытқа шығып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ы Ақтөбе-Астрахань тасжолындағы жол-көлік апатына қатысты өз болжамын айтты.

— Алдын ала ақпарат бойынша Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі жол жүру ережесінің 9.1 пунктін бұзып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққандықтан Toyota Hilux автокөлігіне соғылған. Жол-көлік апатында Lada көлігінде болған 8 адам тіл қатпастан көз жұмды. Екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушылары Қандыағаш қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді. Жол апаты болған сәтте күре жолдың жабыны таза болған, көрініс шектелмеген. Қажетті жол белгілерінің барлығы орнатылған, — деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.

Әлеуметтік желіге тарақан видеодан жанып кеткен жеңіл көліктің газбен жүретіні белгілі болды.

Еске салсақ, Ақтөбе-Астрахань тасжолында жол апаты кезінде бір көлік жанып кетті. Онда 8 адам көз жұмды. Қаза тапқан адамдардың төртеуі бала.

қазавтожол Ақтөбе Жол апаты сегіз адам

Тақырыпқа жаңалықтар