Қазақстан жаңалықтары17 қазан 2023, 20:42

Құдалық: Тікұшақпен ұшып келіп, доллар шашты

Жұрт желіде пайда болған тікұшақтың видеосын талқылап жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тік-токта тараған видеода Тұздыбастау ауылына құдалар тікұшақпен ұшып келіп, доллар шашқан.

Кадрдан адамдардың жерден доллар жинап жүргенін көруге болады.

Желі қолданушылары түрлі пікір айтуда, асым бөлігі "ысырап", "дарақылық", "мақтаншақтық" десе, енді бірі "жастар бақытты, қазағым бай-"қуатты болсын" деп жазды.

Дегенмен видеоның Алматы облысына қарасты Тұздыбастау ауылында түсірілгені нақты емес.

Облыстық полиция депаратаменті қазір жеке әуе компаниялардың көп екенін, видеода ешқандай заңбұзушылық жоқ екенін айтты.

құдалық Тікұшақ доллар Тик-Ток

Тақырыпқа жаңалықтар