Қазақстан жаңалықтары27 ақпан 2024, 10:00

Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары жүргізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Жедел іздстіру шарасы барысында өткен жылдан бері тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласының 50 жастағы тұрғыны құрықталды. Ол адам ұрлау бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады», - деп мәлім етті Қыылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

 

халықаралық іздеу Қызылорда Қылмыскер

Тақырыпқа жаңалықтар