Қазақстан жаңалықтары3 қазан 2023, 10:52

Риддер тағы ыстық сусыз қалды

ШҚО Риддер қаласындағы жылу электр орталығында қазандық істен шығып, тұрғындар тағы ыстық сусыз қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Риддер жазда ыстық сусыз қалып, бірнеше күн бұрын ыстық су берілген. Бірақ кеше ыстық су тағы өшірілді, ебебі – жылу электр орталығындағы іске қосылған орташа қысымды қазандық қайтадан өшірілген. 

Риддердегі «Су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры Константин Хан қазандықтың неліктен өшірілгенін былай деп түсіндірді: 

«Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережесіне сәйкес, күрделі жөндеуден өткен жабдықтар іске қосылғаннан кейін 48 сағат ішінде сынақтан өтеді. Осыдан кейін қазандықтың әрбір бөлшегін егжей-тегжейлі тексеру үшін жоспарлы түрде оны өшіру қажет. Сол себепті №3 жылу қазандығы уақытша өшірілген».

Риддер қазандық Ыстық су оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар