Қазақстан жаңалықтары24 ақпан 2024, 11:00

Семейде 13 жасар оқушы қыз табылмай жатыр

Абай облысы полиция департаменті жоғалған қызға іздеу салды. Облыс орталығының тұрғыны Наргиз Өнерқызы Бағдатбекова 23 ақпан таңертеңгі 10:00 шамасында Семей қаласы Восточный правый, 4287 мекенжайындағы үйінен шығып кетткен қайтып оралмаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқушы қыз 2011 жылы туған, кәмелетке толмаған.

Белгілері: шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 150-155 см. Арық денелі.

Киген киімі: қысқа қара күрте, қара бас киім, қара шалбар, аяғында қара түсті аяқ киім, қара түсті рюкзагы бар.

Қандай да бір хабары бар адам 102 нөміріне қоңырау шалғаны жөн.

 

семей қыз жоғалды Наргиз Өнерқызы Бағдатбекова 13 жасар

Тақырыпқа жаңалықтар