Қазақстан жаңалықтары14 желтоқсан 2023, 10:00

Семейде қақаған аязда 50 бас ірі қара жоғалып кеткен

Семейде полиция қызметкерлері аязда 50 бас ірі қарасын жоғалтып алған адамға көмекке келіп, малын тауып берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Полицияға хабарласқан жергілікті тұрғын малының жоғалғанын айтып, көмек сұрады.

Семей қаласынан 40 шақырым қашықтықтағы шаруа қожалығынан 50 бас мал жоғалып кеткен. Полиция қызметкерлері іздестіруге кірісті. Атты полиция мен қарда жүретін техника жұмылдырылды. Жақын аумақты айналып өту үшін әуеге дрон көтерілді, - деп хабарлады Абай облысы ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары бір отбасының жалғыз табыс көзін іздестіру шараларын бір күн бойы жүргізді.

"Ірі қаралар түгел табылды. Жоғалған жерден 18 шақырым жерде жүрген. Өз кезегінде мал иесі полиция қызметкерлеріне жедел әрекеттері үшін алғысын білдірді. Өйткені, іздеу жұмыстары кейінге қалса, мал қырылып қалар еді".

семей Мал Аяз

Тақырыпқа жаңалықтар