Қазақстан жаңалықтары16 мамыр 2024, 11:23

Шешенстаннан 31 жыл бұрын көшіп келген әйел азаматтық алды Қазақстан азаматтығын алды

БҚО ПД Тасқала аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметінің инспекторлары аудан тұрғыны Людмила Садықоваға азаматтық алуға көмектесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Людмила Ғабибқызы 1993 жылғы ақпанда Шешенстандағы соғыста жарақат алып, Қазақстанға көшіп келген, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Шешенстаннан растайтын құжаттар қажет болғандықтан, Л.Садықова ұзақ уақыт бойы Қазақстан азаматтығын ала алмаған.

«Полиция қызметкерлері Л.Садықованың азаматтығы жоқ адам ретінде танылуы үшін құжаттар жинауға қолұшын берді. Көп жылдар бойы ол азаматтығы жоқ адамның төлқұжаты бойынша өмір сүрді. Полиция жағдайға түсіністікпен қарады. Тасқала ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметінің қызметкері, полиция майоры Ғалым Әбілқайыров құжаттарды алуға көмектесті. Жеке басын растау үшін қажетті өтініштер жіберілді. Нәтижесінде Людмила Садықова арада 31 жыл өткен соң Қазақстан азаматтығын және көптен күткен құжаттарын алды» деп хабарлады ведомстводан.

Қазақстан азаматтығы шешенстан Әйел

Тақырыпқа жаңалықтар